Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрттен 59 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кочани қаласындағы түнгі клубта болған Өрт салдарынан 59 адам қаза тауып, 155 адам жарақат алды, олардың 18-і ауыр халде.
Оқиға кезінде клубта 1500-ге жуық адам болған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, кейбір адамдар үрей мен дүрбелең кезінде тапталып қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жанғыш материалдан жасалған төбеге тиген пиротехникалық құрылғылардың ұшқынынан шыққан. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп, зардап шеккендерді анықтауда. Құқық қорғау органдары төрт адамға, оның ішінде клуб иесіне қатысты, қамауға алу ордерін шығарды.
Ел билігі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, қайғылы оқиғаға байланысты аза тұту апталығын жариялады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!