KAZINFORM — Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушылары ұшаққа отырғызу кезінде жолаушылардың тәртібін бақылауды күшейтетін қатаң шараларды енгізіп жатыр, деп жазады Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Бұл туралы елдің Азаматтық авиация бас басқармасының (SHGM) ресми құжатына сілтеме жасап, Akdeniz Gerek газеті хабарлады.
Жаңа ережеге сәйкес, ұшақта қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамаған жолаушыларға айыппұл салынады.
— Ұшақ жерге қонған бойда орындарынан тұрып кететін, жүк сөрелерін ашатын немесе бортсеріктердің ескертулеріне құлақ аспайтын жолаушылар қолданыстағы заң нормаларына сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін, — делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда Ақтау маңындағы әуе апатынан кейін барлық әуежай мен ұшақтардың техникалық жағдайы тексерілетіні хабарланған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!