Фото: ашық дереккөз

Израиль президенті Ицхак Герцог климаттық саммитке қатысу үшін Бакуге барудан бас тартты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Milliyet басылымының жазуынша, Израиль сенбі күні кешке Ицхак Герцогтың COP29 саммитіне қатысуын қауіпсіздік себептерімен тоқтатқаны туралы хабарлаған. Алайда, Азербайджанның сыртқы істер министрлігінің дереккөздері Түркияның Израиль президентінің ұшағына өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат бермегенін себеп болғанын айтты.

Эрдоган Газа аймағындағы жағдайды геноцид деп атағаннан кейін, Түркия мен Израиль арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар күрделене түсті.

Түркия Израильмен қарым-қатынасты үзіп, болашақта оны қайта орнатуға қадамдар жасамайтынын Түркия президенті Режеп Тайип Эрдоган бұрын мәлімдеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!