Sputnik. Түркия Украинадағы қақтығысты реттеу бастамаларына кез келген қолдау көрсетуге дайын, деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Хакан Фидан. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Біз Украинадағы соғыстың тезірек аяқталғанын қалаймыз. Түркия ретінде біз екі тараптың да қатысуын қолдаймыз. Біз кез келген қолдауды көрсетуге, соның ішінде бейбіт келіссөздерді ұйымдастыруға дайынбыз», – деді Түркия сыртқы істер министрі Анкарада грузин әріптесімен өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Ресейдің сыртқы ісетр министрі Сергей Лавров Мәскеу талаптарына сай келіссөздер нәтижесінде ғана қақтығыс тоқтайды деп айтқан болатын.
Жалпы Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!