KAZINFORM – Түркияның шығыс бөлігінде 4,9 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Еуропа-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметтері бойынша, жерасты дүмпуінің ошағы 298 мың халқы бар Элязыг провинциясынан оңүстік-батысқа қарай 44 км қашықтықта жатыр, тереңдігі 10 км.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!