Түркияның солтүстік-шығысында жер сілкінді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 12.02-де Ризе провинциясында болған.
Эпицентрі – Хемшин ауданы. Жер сілкінісінің ошағы 12,85 шақырым тереңдікте, ал магнитудасы 4,9 баллдық болды.
Сонымен қатар, Түркияның Элязыг қаласында 5 баллдық жер сілкінісі болды.
Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару (AFAD) веб-сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес жер сілкінісі 17.04 шамасында тіркелген.
Жер сілкінісі 16,22 шақырым тереңдікте болды және Диярбакырда да сезілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!