Sputnik. Түркияның Сындыргы қаласында жер сілкінісі салдарынан бірнеше ғимарат қирады, деп хабарлайды РИА Новости.

Эпицентрі Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісінің магнитудасы 6,1 болды және дүмпулер Ыстамбұлды қоса алғанда бірнеше провинцияда сезілді. Салдарынан үш үй мен бір дүкен қирады. Әзірге табиғат апатынан құрбан болғандар жоқ.

Последствия землетрясения в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Түркиядағы жер сілкінісі© Photo : Anadolu

Жер сілкінісі сезілген Ыстамбұл, Измир және Маниса провинцияларының билігі әлеуметтік желілерде жер сілкінісінің салдары туралы ешқандай хабарламалар жоқ екенін мәлімдеп, залалды бағалау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Последствия землетрясения в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Түркиядағы жер сілкінісі© Photo : Anadolu

Дүйсенбі күні Түркияның батысында 48 сағат ішінде екінші жер сілкінісі болды. Жексенбі күні эпицентрі Ыстамбұл әуежайының маңындағы Қара теңізде тіркелді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған төтенше жағдайлар қызметтері залалды бағалап, зардап шеккен аудандардағы жағдайды бақылап жатқанын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!