Фото: TRT Haber
Түркияның Бурса қаласында оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ұшақты басқарған 2 ұшқыш мерт болды. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі TRT Haber агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның мәліметінше, бүгін, 23 қыркүйекте Бурсаның Энишехир ауданында оқу-жаттығу кезінде ұшақ апатқа ұшырап, жантүршігерлік оқиға болған.
Апат салдарынан ұшақта болған нұсқаушы ұшқыштар қаза тапты.
Басылым қаза тапқан ұшқыштардың есімін жария етті. Олар — 61 жастағы Юнал Астер мен 42 жастағы Эмир Гулал Налжи.
Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру және полиция қызметі шұғыл жеткені аталып өтті.
Билік оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!