Сурет: pixabay
Түркияда азаматтық авиация туралы заңға өзгертулер ме түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, енді әуежайларда жолаушыларды тексеру рәсімі күшейтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңға енгізілген жаңа бапқа сәйкес, әуежайдың қауіпсіздік қызметі әуежай басшылығының жазбаша бұйрығынан кейін туристердің жүгін мұқият тексеретін болады, деп хабарлайды Anadolu.
«Егер қандай да бір себептерге байланысты арнайы құрылғылардың көмегімен тексеру шарасын аяқтау мүмкін болмаған жағдайда жолаушы әуежайға және ұшақ бортына жіберілмейді, егер ол өзін және заттарын жекелей тексеруге келіспесе», делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі статистикалық деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 1 млн 493 мың қазақстандық ішкі туризмді пайдаланғанын мәлімдеген. Ішкі туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145 мың адамға артқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!