Түркияның оңтүстігінде болған алапат жер сілкінісі кезінде үйінді астынан құтқарылған сәби арада 54 күн өткенде анасымен қауышты, – деп хабарлады ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер Гизем (жұмбақ деген мағына береді) деп атап кеткен үш жарым айлық Ветин Бегдаш 6 ақпанда Хатай провинциясында болған зілзаладан 128 сағаттан кейін аман табылған еді.
Содан кейін ол бірден ауруханаға жеткізіліп, еш жерінде жарақат жоқ, дені сау екені нақтыланған соң Анкарадағы ауруханаға ауыстырылған.
Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Янык сәбиді анасы Ясемин Бегдаш емделіп жатқан Адана провинциясына апарып, екеуін кездестірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!