Фото: РИА Новости
Түркияда Бодрумнан Ван провинциясына беттеген жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Бодрумнан Ванға бара жатқан жолаушылар автобусы Доганлар ауданындағы жыраға құлап кетті», – делінген жергілікті NTV телеарнасы таратқан хабарламада.
Ресурстың жазуынша, оқиға орнына 112 жедел жәрдем бригадасы, құтқарушылар, полиция мен өрт сөндіру қызметтері аттанған.
Жол апаты салдарынан 22 адам зардап шекті, оның ішінде үшеуі ауыр жарақат алды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендердің барлығы Түркияның азаматтары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!