Фото: en.apa.az

Түркияның Карталкая тау-шаңғы курортындағы Grand Kartal қонақ үйінде болған өрттен соң басшылық қамауға алынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Известияға сілтеп.

Қызыл жалыннан 78 адам қаза тапқан. Осы қайғылы оқиғаға байланысты қонақ үй иесі және басқа да күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды

«Оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында 14 адам, соның ішінде қонақ үй иесі қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылады деп күтіліп отыр», — деп жазылған хабарламада.

Түркия президенті қайғылы жағдайға байланысты кінәлілердің жазасыз қалмайтынын мәлімдеген болатын.

«Бұл трагедияға қатысты барлық қажетті және жан-жақты тергеу шаралары басталды. Барлық жауапты тұлға заң аясында қатаң жазаланады», – деді Ердоған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!