Түркияның Адыяман қаласында магнитудасы 4,4 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы 4 наурыз, сенбі күні Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайларды болдырмау және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 8:27-де тіркелген.
Эцпицентрі Челикхан ауданында орналасқан.
Тереңдігі – 7 шақырым.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!