KAZINFORM – Түркияның ұлттық валютасы құнын жоғалтып жатыр. Бұны 200 түрік лирасының номиналы мысалында айқын дәлелдеуге болады. Банкноттың сатып алу қабілеті 16 жыл ішінде 95%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Соңғы бір жылда айналымдағы 200 монеталық купюралар саны 76%-ға өскеніне қарамастан, олардың нақты құны айтарлықтай төмендеді.
2009 жылы 200 лира 125 долларға балама болса, 2025 жылы бұл сома ағымдағы бағам бойынша (36,42 TL/USD) бар болғаны 5,49 долларды құрап отыр. Бұл елдегі инфляция мен экономикалық дағдарыстың ұлттық валютаның сатып алу қабілетіне қаншалықты әсер еткенін көрсетеді.
2009 және 2025 жылдары сатып алу қабілетін салыстыру арқылы әр жылдары 200 лираға не сатып алуға болатынын қарастыруға болады.
Мысалы, 2009 жылы бұл сома 4 грамм алтын сатып алуға жеткілікті болды (бір грамы 46,75 лира бағасымен). Бүгінде дәл осындай 4 грамм алтынды сатып алу үшін 200 лиралық банкноттың 17-сі, яғни кем дегенде 3 400 лира (шамамен 94 доллар) қажет.
Түркия Орталық банкінің (ТР ОБ) инфляция калькуляторының мәліметінше, 2009 жылғы 20 түрік лирасы бүгін 257 лираға, 10 түрік лирасы бүгін 128 лираға, 5 түрік лирасы бүгін 64 лираға тең.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!