KAZINFORM — Түркияның көлік министрі Абдулқадир Уралоглу Анкара-Нигде тас жолында сағатына 224 шақырым жылдамдықпен жүрді әрі оның видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, ереже бұзғаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды Haberer. 

Ол әуелі әлеуметтік желідегі парақшасында қатты жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан видеосын жариялап, оның астына «Шаршаған кезде Президентімізден шабыт алып, жеткілікті жұмыс жасамадық деп, жолымызды жалғастырамыз» деп жазды.

Алайда, көлік министрінің мемлекеттік әнұран әуенімен жылдамдығын сағатына 224 шақырымға жеткізуі әлеуметтік желіде үлкен шу тудырды, себебі түрік тас жолдарында рұқсат етілген максималды жылдамдық — сағатына 140 шақырым.

Пайдаланушылар жылдамдықты бұзғаны үшін министрге қатаң ескерту жасады. 

Осыдан кейін Уралоглу тағы бір жазба жариялап, онда ресми түрде айыппұл төлегенін жазған.

Түркияның көлік министрі жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төледі
Фото: haberler

— Анкара-Нигде жолының соңғы жағдайын көру үшін рөлге өзім отырдым. Сол сәтте онша мән бермей, аз уақытқа жылдамдықты арттырдым. Видеомен бөлісіп, өзімді өзім әшкереледім. Жылдамдық ережелерін сақтау бәрімізге міндетті. Біздің жол қызметі тарапынан қажетті жазалау шарасы қолданылды. Енді халыққа бұдан былай мұқият болатынымды хабарлаймын, — деп жазды министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!