Түркияның оңтүстігіндегі Искендерун порты маңында теңіз деңгейі бірнеше метрге көтерілді, кейбір аудандардың тұрғындары эвакуацияланды. Бұл туралы TRT телеарнасы хабарлайды.

Бірқатар жолдарды су басып жатыр. Ал, телеарна мамандары бұл жер сілкінісінен кейін болатын уақытша құбылыс екенін атап өтті.

Дүйсенбі күні Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісінен кейін Искендерун портында үлкен өрт шықты. 7 ақпанда порттағы контейнерлер жануды жалғастырды. Бұған дейін хабарланғандай, жергілікті телеарналар таратқан кадрларға сәйкес, өрт аймағында кем дегенде 1,5 мың контейнер болған.

Бір күн бұрын Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің бөлімшелері сөндіруге кірісті. Бұған дейін ТАСС агенттігіне Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ведомство министрлік басшысы Александр Куренковтың тапсырмасы бойынша жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға аймақтағы өртті сөндіру үшін Бе-200 амфибиялық ұшағын жіберу туралы шешім қабылдады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!