Түркіменстанда Қазақстаннан әкелінген мұздатылған ет партияларынан бруцеллёз табылғаны айтылды, деп хабарлайд «Адырна» ұлттық порталы Түркіменстан хроникасы басылымына сілтеме жасап.
Басылым дерегінше, Ақмола облысынан Түркіменстанға мұздатылған ет жеткізілген. Кейін санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізген зертхана сынамалардан бруцеллёз анықталған. Қазақстан тарапы бұл жағдай жөнінде түркімен әріптестеріне ресми түрде хабарлап, импорттаушы компанияның төленген қаржыны толық қайтаратынын мәлімдеген.
Алғашқы партия Ахал уәлаятынажеткізіліп, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен балалар үйлеріне бөлінген. Екінші партия Мары және Лебап уәлаяттарындағы тұтынушылар қоғамының сауда орындары арқылы сатылған. Барлық ет тағам ретінде пайдаланылып қойған.
Түркіменстанның денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі бұл ақпаратты құпия ұстап, инфекциялық ауруханалардың бөлімшелерін тексеруді және қажет болған жағдайда науқастарды оқшаулауды тапсырған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!