Индонезияның Серам аралында магнитудасы 5,4 балға жеткен жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) таратқан мәліметке сәйкес, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 18:42-де (Астана уақыты бойынша сағат 23:42) 355 мың адам тұратын Амбон қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 151 шақырымда тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 54 шақырым тереңдікте орналасқаны айтылды.

Әзірге зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!