Кенияда әуе апаты болып, он бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша 28 қазан күні таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Mombasa Air Safari әуе компаниясына тиесілі жеңіл моторлы ұшақ Масаи-Мара ұлттық қорығына бара жатқан жолда апатқа ұшыраған. Ұшақ Кенияның оңтүстік-шығысындағы орманды және таулы аймаққа құлаған.
Ұшақ бортында кениялық ұшқыш, Венгрияның сегіз азаматы және Германиядан келген екі турист болған. Олардың барлығы да мерт болды.
Қазір апат орнында құтқарушылар мен тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, апаттың себебі анықталуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!