Сурет: depositphotos.com

Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Тонга корольдігі жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жерасты дүмпулері Тонгадан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 100 шақырым қашықтықта болған.

Тынық мұхитының цунамиден ескерту орталығы эпицентрден 300 шақырым радиуста орналасқан жағалауларда қауіпті толқындардың пайда болу мүмкін екенін хабарлады.

Қазіргі уақытта қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, цунами қаупі жарияланбады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!