Фото: Pixabay
Үндістан адам саны жағынан бірінші орынға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір онда 1,442 миллиард халық бар. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының халықты орналастыру қорының (UNFPA) баяндамасында келтірген.
Қордың мәліметінше, Үндістандағы демографиялық көрсеткіштің артуы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруымен және босану кезіндегі ана өлімі деңгейінің төмендеуімен байланысты. Халықтың айтарлықтай көп бөлігі – 10 мен 24 жас аралығындағы жастар (26%). Ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы – 71 жас, әйелдердікі – 74 жас.
Осыған дейін халық саны бойынша көшбасшы болған Қытай екінші орынға түсіп қалды. Онда 1,425 миллиард адам тұрады. Ұйымның есебіне сәйкес, Қытай халқының саны 2022 жылы 1,426 миллиард адамға жеткен. Онда халық саны керісінше төмендей бастады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!