Сурет: pixabay

Кaz.zakon.kz. Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында 130 ауылды су басты.

Мұны осы аймақтың бас министрі Йоги Адитиянат хабарлады.

Ал елдің метеорологиялық департаментінің ескертуінше, алдағы екі-үш күнде Үндістанның теріскейі мен солтүстік-шығысында жауын тағы да құйып, жағдай тіпті нашарлауы мүмкін.

Қазірдің өзінде Ассам штатындағы 9 өзеннің деңгейі қауіпті дәрежеге дейін көтерілген.

Осыған ұқсас жағдай шығыстағы Бихар штатында да қалыптасып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!