Фото: istockphoto.com
Үндістанның солтүстігіндегі ыстық және құрғақ ауа райына байланысты электр энергиясына сұраныс рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Үндістанның метеорологиялық департаменті (IMD) маусым айында елдің солтүстік-батыс және орталық бөліктерінде температураның қалыптыдан жоғары болатынын болжады, бұл кезеңді ең ұзақ ыстық кезеңдердің бірі ретінде сипаттады.
«Үкіметтің мәліметтері бойынша, наурыздан мамырға дейін ел бойынша 25 000-ға жуық адамның жылу соққысынан зардап шеккені және 56 адамның қатты ыстықтан қайтыс болғаны тіркелген. Үндістанның энергетика министрлігі дүйсенбі күні электр энергиясына сұраныстың 89 гигаваттқа (ГВт) жеткенін және бұл солтүстік аймақтағы ең жоғары көрсеткіш екенін хабарлады. Дүйсенбі күні кешкісін ел астанасы Делиде температура шамамен 44 градус Цельсийді) құрады, бірақ IMD оның 49,2 градус болып сезілгенін айтты», – делінген ақпарат агенттігінің хабарламасында.
Дели қаласында су тапшылығы байқалып отыр, ал 12 мамырдан бастап ең жоғары күндізгі температура 40 градустан (104 Фаренгейт) жоғары болған және бұл көрсеткіш тек 26 маусымда ғана төмендейді деп күтілуде.
Биыл жазда ел бойынша электр энергиясына сұраныс рекордтық 250 ГВт-қа жетіп, ел үкіметі салқындатқыш құрылғыларға сұраныстың артуына байланысты түрлі шаралар қабылдады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!