KAZINFORM — Үндістанның Химачал-Прадеш штатында болған күшті муссондық жауын-шашын салдарынан көз жұмғандар саны 298 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолы.
Hindustan Times басылымының хабарлауынша, маусымнан қыркүйекке дейін жалғасатын Оңтүстік Азиядағы муссон маусымы адам шығыны мен материалдық залал әкелуді жалғастырып жатыр.
Билік өкілдері мәлім еткендей, 20 маусымнан бері болып жатқан су тасқыны, көшкіндер мен жол-көлік оқиғалары салдарынан 300-ге жуық адам қайтыс болған.
Сондай-ақ жауын-шашын аймақтың инфрақұрылымына да айтарлықтай зиян келтірді:
482 жол жабылды,
941 трансформатор істен шықты,
95 су құбыры желісінде ақаулар тіркелді.
Андхра-Прадеште муссон алмаз іздеушілерді оятты
Сонымен қатар, Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатында жауыннан кейін ерекше құбылыс байқалды.
Жергілікті тұрғындар мен келушілер бұрын алмаздар табылған аймақтарға жаппай барып, жаңбырдан кейін жер бетіне шыққан асыл тастарды іздей бастады.
Мұндай «қазына іздеу» әрекеті аймақта муссон маусымының дәстүріне айналған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!