Фото: Bild телеграм арнасынан
Франкфурттан Севилья қаласына ұшқан Airbus A321 ұшағы он минут бойы басқарусыз ұшқан. Бұл кезде екінші ұшқыш есінен танып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bildбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Капитан дәретханаға бару үшін кабинадан шығып кеткен. Алайда екінші ұшқыш есінен танып қалғандықтан ол кабинаға қайта кіре алмай қалыпты. Испаниялық әуе оқиғаларын зерттеу комиссиясының мәліметінше оқиға 2024 жылдың 17 ақпанында болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес екінші ұшқыштың ұстамасы ұстап қалған. Автопилот бағытты ұстап отырған.
Капитан кабинаға қайта кіре алмапты, себебі екінші ұшқыш растамағандықтан кодпен кіру жүйесі істемеген.
8 минуттан кейін екінші ұшқыш есін жиып, есікті өзі ашыпты. Капитан әрі қарай ұшақты өзі басқарып, Мадридте шұғыл қонған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!