Kyzylorda-news.kz. AstraZeneca вакцинасын қабылдаған екі адам қайтыс болды.
Бұл қайғылы оқиға Францияда орын алған.
Анықталғандай, олар екпеден кейін пайда болған қан ұюдан көз жұмған. Бұл туралы Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық агенттіктің сайтында хабарланды.
Аталған ведомствоның мәліметіне сәйкес, өткен аптада AstraZeneca өнімін салдырған 3 адамнан қан ұю дерегі анықталған. Олардың екеуі өлім-жітіммен аяқталған. Жалпы Францияда халықты жаппай вакциналау науқаны басталғалы бері трамбоздың 12 дерегі тіркелген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!