Фото: newgrodno.by
Варшаваның белгілі аудандарының бірінде дүкен мен қызмет көрсету нүктелерінде өрт шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ntv.ru-ға сілтеп.
Жергілікті полиция зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.
Сауда орталықтарында 12 мамыр күні таңертең өрт шықты. Варшаваның Бялолека ауданында шыққан өртті сөндіру 50 топ құтқару жұмыстарымен айналысқан. Орталықтың 80 пайыздан астамы өртенген.
Билік варшавалықтарға өрт туралы ескертіп, терезелерін жауып үйден шықпауды ескертті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!