Вашингтонда ауыр қылмыс үшін өлім жазасы енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Яғни кісі өлтіргендерге енді ең ауыр жаза тағайындалуы мүмкін. Оның айтуына қарағанда, кейінгі жылдары АҚШ-тың бас шаһарында қылмыс көбейген.  Сондықтан 1981 жылы өзгерген заң қайта  күшіне енеді.

Ақ үй әкімшілігінің мәліметі бойынша, Вашингтонда Нью-Йоркке қарағанда 6 есе көп қылмыс жасалады.

АҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди алдағы уақытта өлімі жазасын өзге штаттарға да енгізуге ниетті екенін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!