Вашингтонда апатқа ұшыраған ұшақ бортында мәнерлеп сырғанаудан жұптық әлем чемпиондары Евгения Шишкова мен Ресей құрамасының мүшесі Вадим Наумов болған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

52 жастағы Шишкова мен 55 жастағы Наумов – 1994 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары, сондай-ақ әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері. Олар Еуропа чемпионатында бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алған. 1995/96 маусымында Халықаралық конькишілер одағының Гран-при финалында топ жарған. Мансаптарын аяқтағаннан кейін жұп жаттықтырушылыққа бет бұрып, 1998 жылдан бері АҚШ-та тұрған.

Ұшақ Вичита қаласынан Вашингтонға бағыт алған. Қонуға жақындап келе жатқанда, ол әскери тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлаған. Қайғылы оқиға мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!