Вашингтонда болған жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ апатынан 41 адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.
Колумбия округінің өрт қызметінің басшысы Джон Доннелидің мәлімдеуінше, өңірдегі қатты тұманға қарамастан қалған 26 адамның денесі іздестіріліп жатыр.
Біз 41 адамның дене қалдықтарын алып шықтық. Олардың 28-інің тұлғасы анықталды, – деп атап өтті ол баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ қаза тапқандардың арасында үш сарбаздың екеуінің кім екендігі анықталған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!