АҚШ-тың Потомак өзенінде болған әуе апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Рейтер» агенттігінің мәліметінше, судан 40 адамның денесі шығарылған. Жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ неліктен соқтығысқаны әзірге белгісіз.

Ал ел президенті Дональд Трамп апаттан аман қалғандар жоқ екенін айтты. 

«Американ Эйрлайнс» компаниясына тиесілі лайнерде 64 адам болған. Төртеуі – экипаж мүшесі. Екі әуе көлігі де суға батты.

Құлаған ұшақ бортында болған жолаушылардың қатарында АҚШ пен Ресейдің танымал мәнерлеп сырғанаушылары мен олардың жаттықтырушылары болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!