Фото: Еuronews

KAZINFORM – Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы келісімді ратификациялады. Оны 188 депутат қолдап, алтауы «қарсы» дауыс берді, деп хабарлайды Euronews.

Бұл Скандинавия елінің әскери одаққа кіру бағытындағы соңғы кедергі болған еді.

«Мен Венгрия парламентінің Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялау туралы дауыс беруін құптаймын. Енді барлық одақтастар бұл шешімді мақұлдағанда, Швеция НАТО-ның 32-ші одақтасы болады. Швецияның мүшелігі бәрімізді күштірек және қауіпсіз етеді», – деді Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның «Фидес» билеуші партиясы Швецияның Одаққа қосылуына көптен бері кедергі келтірді.

Оның өтінішін өткен айда Түркия парламенті ратификациялады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!