Фото: pixabay.com
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өткен жылы 10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енген еді. Екіжақты келісімге сәйкес Қытай және Қазақстан азаматтары көрші елде шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін визасыз жүре алады.
Өткен жылы 10 қараша күні күшіне енген визасыз режим екі ел арасындағы келісім өзінің нәтижесін алып келіп жатыр. Статистикаға сүйенсек, 10 қарашадан бері 126 мың Қытай азаматы елге кірген болатын. Ал біздің азаматтардың санын қарасақ, 173 мың қазақстандық Қытайға барған. Өзім жақында Қытайға барып келдім. Ұшақтың бәрі толған Қазақсатнның азаматтары. Көбісі турист болып бара жатыр. Ата-аналар балаларына университет қарауға бара жатқанын айтты. Сондықтан мәдени-гуманитарлық байланыстар нығайып келе жатыр, – деді Айбек Смадияров.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!