Украина дзюдо федерациясы (ФДУ) өзінің ресми сайтында маусым айында Будапештте өтетін әлем чемпионатына қатысудан бас тартатынын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл шешім Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) атқару комитетінің Беларусь спортшыларына мемлекеттік туының астында турнирлерге қатысуға рұқсат беруіне байланысты қабылданды.

Бұған дейін Беларусь Олимпиада комитеті 1 маусымнан бастап дзюдошылардың жарыстарға ұлттық ту астында қатыса алатынын хабарлаған болатын.

Осыдан кейін Украина дзюдо федерациясы IJF-ке ресми түрде хабарласып, бұл ақпаратты нақтылауды сұрап, Халықаралық олимпиада комитетінің бейтарап мәртебе туралы ұсыныстарын сақтау маңызды екенін еске салды.

IJF өз жауабында спортты «диалог пен түсіністікке арналған платформа, қабырға емес, көпір салатын» құрал ретінде көргісі келетінін мәлімдеді.

Осыған байланысты ФДУ IJF шешімін айыптап, турнирден бас тартты.

Әлем чемпионаты 13-20 маусым аралығында өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!