Фото: ашық дереккөз
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер Украина АҚШ-тан нұсқау күтпей-ақ Ресейге шабуыл жасай алатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘЛІМДЕМЕ
Мэттью Миллердің мәлімдемесі ведомство баспасөз қызметінің ресми сайтында жарияланды.
Украина – егеменді ел, сондықтан ол Ресей ішіне соққы беру үшін өздігінен өндіретін қаруды қолдана алады. Бұл үшін оған АҚШ-тың рұқсаты қажет емес, – деді Мемлекеттік департамент өкілі.
Ол Украина әскері меншігінде «ресейлік нысандарға соққы беру үшін жетерлік қару-жарақ бар» деп атап өтті. Миллер АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастырады деп уәде берді.
УКРАИНА ӨНІМІ
Айта кетейік, Киевтің «өзінің ұзақ қашықтықтағы қаруы» туралы мәлімдемесі Вашингтонның Мәскеуге немесе Қазанға соққы беру үшін батыс зымырандарын пайдалану мүмкіндігін әлі күнге дейін қарастырып жатқанын көрсетеді.
Мысалы, украиналық кәсіпорындарда НАТО елдерінің зымырандарын ірі тораптық құрастыру арқылы оларды украиналық әскери-өнеркәсіптік кешен өнімі ретінде пайдалануға болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!