Видеокадр
Бірден Ресейдің бірнеше аймағына 1 қыркүйек, жексенбіге қараған түні Украина зымыран-дрондарымен шабуыл жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл жөнінде Ресей мен Батыс елдерінің БАҚ-тары жазып жатыр.
Украиналық БПЛА Мәскеуге, Липецкке, Белгородқа, Тула және Брянск облыстарына және Ресейдің басқа аймақтарына түскен. Ресей қорғаныс министрлігі түнде әуе қорғанысы құралдары 158 дронды атып түсіргенін хабарлады.
Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, бес БПЛА Ресей астанасына бет алған. Барлық дрондар ауада атып түсірілген, деп түсіндірді Мәскеу мэрі. Оның мәліметінше, шабуыл салдарынан зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. 26 дронды атып түсірілгенін Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз хабарлады. Оның басшысы Игорь Артамонов Липецк облысының Грязинский, Липецк және Становлянск аудандарындағы дрондар уақтылы анықталғаны туралы жазды. Жергілікті губернаторлардың айтуынша, Рязань, Воронеж және Тверь облыстарының аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттары да жойылған.
Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков «қалаға ұшып келе жатқан бірнеше әуе нысандардың» құлағанын айтты. Оның сөзінше, әуе шабуылына тойтарыс берілгеннен кейін Майский кентінде жеңіл автокөлік бүлінген, ал Белгородта жеке меншік аумағындағы шаруашылық ғимараты қираған. Екі коммерциялық нысандағы қасбеттер мен кіреберіс тұсы зақымдалған. Автотұрақтағы үш көлік өртенге. Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.
Тула облысының билігі өз аумағындағы үш БПЛА-ның атып түсірілгенін хабарлады.
Мәскеу облысының оңтүстігіндегі Кашира қалалық округінің басшысы Михаил Шувалов өзінің Telegram каналында 1 қыркүйекке қараған түні жергілікті ГРЭС аумағына үш ұшқышсыз шабуыл жасауға әрекет жасалғанын жазды.
Сонымен қатар, куәгерлер Тверь облысындағы Конаков ГРЭС-пож өртті түсірген бейнежазбаларды жариялады. Аймақ губернаторы Игорь Руденя Конаково аймағында бес ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілгенін айтты.
ТАСС агенттігі Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, Ресейдің әуеден қорғаныс жүйесі 158 дронды құлатқанын жазды.
Украинаның Ресейдегі Курск облысына басып кіргеніне бір айға жуықтады. Бірақ Ресей күштері Донецк облысында ілгері жылжып келеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!