Фото: Brandon Bell/Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Украинаның жойылғанын, ал ел президенті әлі күнге дейін Ресеймен бітімгершілік келісім жасасудан бас тартып отырғанын айтып, Зеленскийді ашық сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

CNN ақпаратынша, Трамп Солтүстік Каролина штатындағы Минт Хилл қаласында сөз сөйлеген.

«Бұл қалалар жойылды, олар қазір жоқ, ал біз мәміле жасаудан бас тартып отырған адамға, Зеленскийге миллиардтаған доллар беруді жалғастырамыз. Кез келген мәміле қазіргі жағдайдан жақсырақ болар еді. Жойылған елдеріңіз бар, оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес», – деді Трамп.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!