Ресей мен Украина «1000-ға 1000» форматы аясында тұтқын алмасуды аяқтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тұтқын алмасу процесі үш күнге созылды. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 25 мамырда қос тарап 303 адамнан алмасқан.
«Қазіргі таңда ресейлік әскери қызметкерлер Беларусь Республикасының аумағына орналасты. Оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетіліп жатыр»,—делінген хабарламада.
Ресми мәлімдемеге сүйенсек, алмасудың келесі кезеңдері жоспарланбаған.
«16 мамырда Ыстамбұлда қол жеткізілген ресей-украин келісімдеріне сәйкес, 23 пен 25 мамыр аралығында тараптар «1000-ға 1000» формуласы бойынша алмасуды жүзеге асырды»,– деп толықтырды министрлік.
Ал Украина президенті Владимир Зеленский тұтқын алмасу Стамбұлда өткен 90 минуттық кездесудің жалғыз қорытындысы болғанын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!