Фото: Gleb Garanich
Sputnik. Украинада әскери төлемдерге ақша жоқ, деді телемарафон барысында Жоғарғы Рада бюджеттік комитетінің төрағасы Роксолана Пидласа, деп хабарлады РИА Новости.
“Қорғаныс министрлігі бізге 20 қыркүйекке дейін әскери шығындарды төлеуге ақшасы жоқ екенін айтады. Бірақ біз 20 қыркүйекке дейін мемлекеттік бюджетті өзгерту бойынша дауыс береміз. Мен қазір Жоғарғы Рада отырысының күнін айта алмаймын, бірақ біз бұл дауыс беруді шамамен 17-18 қыркүйекте өткіземіз деп күтеміз”, – деді ол.
Депутаттың айтуынша, қиындықтар жыл басында АҚШ-тан бөлінетін қаржының кешігуіне байланысты туындаған. Осыған байланысты Киев өз ақшасына қару-жарақ сатып алып, әскерге төленетін төлемдерді жұмсауға мәжбүр болды.
Тамыз айында Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль қорғаныс қажеттіліктері үшін қаржы тапшы деп мәлімдеді – бұл 12 миллиард доллардан астам тапшылық.
Financial Times хабарлағандай, Украина өзінің жылдық бюджеттің жартысына жуығын, яғни, 87 миллиард долларды қорғаныс шығындарына бөлді, бірақ ішкі кірісі небәрі 46 миллиард долларды құрайды. Рада депутаты Александра Устинова мемлекет бюджетіндегі тапшылықты батыстық қаржыландыру арқылы жабылып жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, АҚШ көмекті тоқтатса, Украина билігі G7 елдеріне “қолын созуға” мәжбүр болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!