Фото: Facebook / Dmytro Kuleba
Sputnik. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Foreign Policy басылымына берген сұхбатында маусымда Швейцарияда өтетін конференцияның мақсаты ортақ ұстанымдары бар елдердің коалициясын құру екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Украина министрінен басылым журналисі Украина бойынша бейбіт конференцияны Ресейсіз Швейцарияда өткізудің мәні туралы сұраған.
«Конференциядан кейін Ресеймен байланыс орнауы мүмкін, ал Ресей келіссөздердің бір бөлігі болуы мүмкін. Түптеп келгенде, қос тарапсыз қақтығысты аяқтай алмаймыз», – деді ол.
Швейцарияда 15-16 маусым күндері Люцерн қаласының маңында Украина бойынша бейбітшілік конференциясы өтеді. Ресей оған қатыспайды. Берндегі Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Владимир Хохлов бұдан бұрын Швейцарияның Ресей Федерациясына Украина бойынша саммитке қатысуға шақыру жібермегенін, Мәскеу ешбір жағдайда қатыспайтынын айтқан.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Украина мәселесін талқылайтын Ресей қатыспайтын Швейцариядағы саммиттің мағынасыз екенін мәлімдеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!