Украинаның Түркиядағы елшілігі Анкараны «қиын уақытта» Киевке қолдау көрсетуге шақырды. Бұл туралы дипломатиялық миссияның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.
Дипломаттар Ресейді Украинаға қарсы соғыс бастады деп айыптап, Түркиядан көмек сұрады.
«Біз стратегиялық серіктесіміз Түркия мен достас түрік халқын осы қиын уақытта бізді қолдауға шақырамыз», — деді елшілік.
Сондай-ақ, Зеленский Байденмен келіссөз жүргізгенін, қазір АҚШ халықаралық көмек көрсетуге дайындалып жатқанын жеткізді.
Бейсенбі, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. Путин Ресей Украинаны оккупациялауды көздемейтінін айтты. Оның айтуынша, Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!