Фото: Sputnik / Сергей Гунеев
Sputnik. Украинадағы қақтығыс – бұл Украинаның делдалдылығы арқылы Батыс пен Ресей арасындағы соғыс, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Шешуші келіссөздер Украина мен Ресей арасында емес, АҚШ пен Ресей арасында болады. Егер Еуропа мен АҚШ Украинаға қару-жарақ пен ақша бермесе, қақтығыс аяқталар еді. Украина қазір тәуелсіз мемлекет емес, ол жалғыз өзі соғыс жүргізе алмайды. Соғысты Батыс Украина арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан ақырында келіссөздер АҚШ пен Ресей арасында болады», – деді Орбан чехиялық XTV телеарнасына берген сұхбатында.
Виктор Орбанның пікірінше , Ресей мен АҚШ арасындағы келісімдер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болғандай ұзақ уақыт бойы әлемдік қауіпсіздік тәртібін анықтайды.
Бұған дейін Венгрия премьер-министрі Украинадағы қақтығыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін екенін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!