KAZINFORM – Түркияның ең үлкен мегаполисі Ыстанбұлда жер сілкінісінен соң қауіпсіз баспана мен қала шетіндегі үйлерге деген сұраныс күрт артты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Ыстанбұлда 23 сәуір күні болған 6.2 балдық жер сілкінісі қала тұрғындарының баспанаға деген көзқарасын айтарлықтай өзгертті. Мегаполистің көптеген тұрғындары көпқабатты үйлерден бас тартып, баламалы, сейсмикалық жағынан қауіпсіздеу тұрақ іздеуге көшті.
Осыған қарай қала шетіндегі қөпқабатты емес, шағын және мобильді үйлерге, жер телімдеріне деген сұраныс артты.
Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Мустафа Хакан Озелмаджиклының айтуынша, құрылыс жүргізуге рұқсат етілмеген жер телімдерінің шаршы метрінің құны 3-тен 5 мың түрік лиріне (45 мыңан 75 мың теңгеге) дейін жетеді. Ал құрылыс салуға рұқсат етілген жер телімдерінің құны 10 мыңнан 15 мың лирге (140 мыңнан 295 мың теңгеге) дейін барады.
Бұл ретте ол ауыл шаруашылығына арналған жерлерге контейнерлер мен тез салынатын мобильді үйлерді орналастыруға арнайы рұқсат керек екенін атап өтті.
Стационарлық үйлерден басқа автокеруендер «дөңгелегі бар үйшіктер» кең сұранысқа ие. Бұларға тұрғындар дәстүрлі баспанадан көрі қауіпсіз әрі жақсы балама ретінде қарайды.

Мұндай үйлерге деген баға жайлылығы мен жабдықталуына байланысты 160-тан 15 млн лирге (2 млн-нан 205 млн теңгеге) дейін жетеді. Осылайша жақында болған табиғи апаттан кейін Ыстанбұл тұрғындары бұрынғыдан қауіпсіз әрі тәуелсіз ортаны іздей бастады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!