Түркиядағы ең ірі қалалардың бірі – Ыстанбұлдың экс-мэрі Экрем Имамоғлы 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.  

Сот шешімі бойынша, Имамоғлы 2025 жылғы 20 қаңтарда өткен панельдік пікірталас кезінде Ыстанбұлдың бас прокуроры Акин Гюрлек пен оның отбасына қатысты «қызметтік міндеттерін орындау кезінде шенеунікті көпшілік алдында қорлау» және «қоқан-лоққы көрсету» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Прокурорлар оны үш бап бойынша – жоғарыда аталған екі айыппен қатар, «терроризммен күреске қатысқан адамдарды қудалау» бойынша да айыптап, 7 жыл 4 айға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Алайда сот оны терроризмгеқатысты бап бойынша ақтап шықты.

Сот үкіміне сәйкес:

«Қызметтік міндетін атқарып жүрген шенеунікті көпшілік алдында қорлағаны» және «қоқан-лоққы көрсеткені» үшін – 1 жыл 5 ай 15 күнге, қосымша 2 ай 15 күнге бас бостандығынан айырылды.

Осылайша, жалпы үкім – 1 жыл 8 ай (немесе 20 ай) мерзімге бас бостандығынан айыру болып бекітілді. Айта кету керек, бұл үкім саяси тыйым салумен байланысты емес.

Естеріңізге салсақ, наурыз айының соңында Экрем Имамоғлы арнайы операция барысында тұтқындалған. Оның тұтқындалуы Түркияның бірқатар ірі қалаларында жаппай наразылықтарға себеп болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!