Фото: president.gov.ua
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ ұсынған Украинаның пайдалы қазбаларының 50%-ына құқық беретін келісімге қол қоюдан бас тартты. Бұл туралы Unian.net басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Мюнхендегі бірнеше заң шығарушы маған АҚШ Конгресі делегациясы Зеленскийге бір парақ қағаз ұсынғанын айтты. Онда АҚШ-қа Украинаның болашақ минералдық қорларының 50%-ына құқық беру қарастырылған. Зеленский оны сыпайы түрде қол қоюдан бас тартты», – деп жазылған басылымда.
Reuters агенттігінің дереккөздері Мюнхендегі кездесуде Зеленскийдің АҚШ дайындаған келісімге қатысты алаңдаушылық білдіргенін хабарлады.
«Зеленский өзінен танысып үлгермеген құжатқа қол қоюды талап етіп отырғандай сезінді. Бәріне бірден қол қоюға дайын емеспін. Бірақ АҚШ-пен пайдалы қазбалар жөніндегі ықтимал келісімді талқылауға әзірмін», – деп мәлімдеді.
Украина Конституцияға негізделген өз ұсынысын жасайтынын атап өтті. Алайда ресми Киев бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Американың көмегіне қайтарым ретінде Украинамен сирек жер металдарын алдыру туралы келіссөздер жүргізгісі келетінін жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!