© AP Photo / Efrem Lukatsky
Sputnik. Владимир Зеленский Ресей аумағына ұзақ қашықтықтағы қарумен соққы жасауға Батыс елдерінен рұқсат беруді сұрады.
«Мен Америка Құрама Штаттарына, Ұлыбританияға, Францияға және Германияға жүгінемін. Бізге сіздің ұзақ қашықтықтағы снарядтарыңыз бен зымырандарыңызға рұқсаттар қажет «, – деді ол үндеуінде.
Сенбі күні Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеров CNN-ге берген сұхбатында Киев Ресейдегі нысандарға қарсы Аtacms зымырандарын пайдалануға тыйым салуды алып тастауға үміттенеді деп мәлімдеді.
CNN мәліметтері бойынша, АҚШ Владимир Зеленскийдің бірнеше рет өтініш жасағанына қарамастан, жақын арада шектеулерді жеңілдетуді жоспарламайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!