Фото: Thomas Peter/ Reuters
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің екі ел арасындағы қақтығысты реттеу үшін келіссөздер өткізу туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Зеленский бұл жөнінде өзінің барлық ресми әлеуметтік желілерінде жазба жариялады. Украина көшбасшысы келіссөздер мүмкіндігі туралы жаңалықты «жақсы жаңалық» деп атап, алдағы оқиғалардан үміт күтетінін жеткізді.
Оның айтуынша, бүкіл әлем бұл сәтті ұзақ күткен. Кез келген соғысты шын мәнінде тоқтатудың ең алғашқы қадамы — атысты тоқтату.
«Ресей ертең, 12 мамырдан бастап атысты толық, ұзақ мерзімді және сенімді түрде тоқтататынын растайды деп күтеміз. Украина кездесуге дайын», – деп жазды Украина президенті.
Бұған дейін Владимир Путин Украинаға 15 мамыр күні Стамбұлда «алдын ала шарттарсыз» келіссөздерді қайта бастауды ұсынған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!