Sputnik. Владимир Зеленский Украинадағы қақтығысқа қатысты Киевтің ұсыныстарын АҚШ президенті Дональд Трамқа Римдегі кездесу кезінде беруі мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости New York Times газетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Repubblica газеті Трамптың Рим папасының жерлеу рәсіміне қатысатынын және сол кезде Еуропа елдерінің бірқатар көшбасшыларымен, сонымен қатар Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отырғанын жазды.

«Зеленский Римге барса, Трампқа Укараинаның ұсыныстарын беріп жіберуге тырысуы мүмкін», – деп жазды New York Times газеті Украинадағы жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап.

Трамптың өзі де Римға жасайтын сапары кезінде «көз кездесу өткізетінін» жазған. Осы орайда Зеленскиймен кездесетініне сенім білдіре алмайтынын айтқан болатын.

Айта кетері, АҚШ президенті Дональд Трамп Украина бойынша келіссөздер жақсы жүріп жатқанын және келісімге келу «өте таяу» екенін мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!