Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптан Ақ үйдегі жанжал үшін кешірім сұрады. Бұл туралы АҚШ лидерінің Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News телеарнасының эфирінде айтты.
«Зеленский Трампқа Сопақ кабинетте болған оқиға үшін кешірім сұрап хат жолдады», – деді ол.
Еске сала кетейік, 28 ақпанда Трамп, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс және Зеленскийдің кездесуі өтіп, соңы жанжалға ұласты. Сөйтіп сирек кездесетін металдар бойынша келісім сәтсіз аяқталды. Трамп Зеленский бейбітшілікке дайын еместігін және АҚШ-қа құрметсіздік танытқанын мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!