Украина президенті Владимир Зеленский мемлекет басшысын сайлау қашан өтетінін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жексенбіде Киевте баспасөз мәслихатын өткізді.

«Украинадағы президент сайлауы елде соғыс жағдайы алынғаннан кейін өтеді», – деп келтірді оның сөзін УНИАН Telegram арнасы.

Украина басшысының сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылы кескілескен соғысты аяқтауға ұмтылады.

«Бұл – олардың (АҚШ – еск.) мақсаты», – деді Зеленский.

Оның айтуынша, Америка президенті өзін «диктатор» дегеніне ренжімейді.

«Диктатор дегенге шын мәнінде диктатор адам ғана ренжиді», – деді ол.

Зеленский Украина, Еуропа, АҚШ және Ресей бейбіт келіссөздерге қатысушылар тізіміне енуі керек екенін жеткізді.

Айта кетейік, 19 ақпанда АҚШ пен Ресейдің Сауд Арабиясындағы келіссөзінен кейін Трамп Зеленскийді диктатор деп атады. АҚШ президентінің айтуынша, Зеленский президент сайлауын өткізуден бас тартып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!